ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

06 Қараша 2017

Ұлттық мектеп моделі: авторлық мектептер тәжрибелері» атты педагогикалық жәрмеңкесінің өткізілуі туралы

   «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты  2017 жылдың 6 қарашасы күні 2017 жылға арналған Жедел жұмыс жоспарына сәйкес «Ұлттық мектеп моделі: авторлық мектептер тәжрибелері» атты педагогикалық жәрмеңке өткізді.


Шараның мақсаты: өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық-рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы озық тәжірибелерді анықтау.

Міндеттері:

−    білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіндегі үздік педагогикалық іс-тәжірибелерді талқылау, насихаттау және енгізу;

−    «Тәрбие орталықтары», «Ата-аналар мектептері» жұмыстарын насихаттау;

−    өскелең ұрпақты тәрбиелеуде білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

    Педагогикалық жәрмеңке жұмысын ҚР ББЖ ҚБАРИ  директоры, п.ғ.д., профессор   Ж.А.Мақатова кіріспе сөз сөйлеп ашып, тақырыптың маңыздылығына, қарастрылатын сұрақтардың өзектілігіне тоқталды.

 Педагогикалық жәрмеңкеге қатысушылар  өскелең ұрпақтың бойында  ұлттық-рухани құндылықтарды қалыптастыру және дамыту мәселесі бойынша білім беру ұйымдары жұмыстарының табысты тәжірибелерін (мектептің даму жоспары, тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспарлары, оқу-тәрбие жұмыстарының үлгілері, шығармашылық жұмыс үлгілері, үйірме жұмыстарын жүргізудің авторлық бағдарламалары) ұсынды.

  Шараның соңында қатысушылар педагогикалық жәрмеңкенің жұмысын қорытындылап, алған әсерлерімен бөлісті, өзара пікір алмасты,. Педагогикалық жәрмеңке жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ББЖҚБАРИ қызметкерлеріне алғыс білдірді. Ең үздік авторлық жұмыстар  дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33