ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

03 Қараша 2017

«Инклюзивті білім беру: әдіснамасы, тәжірибесі және технологиялары»тақырыбында республикалық әдістемелік фестиваль

2017 жылы 31 қазан айында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты 2017 жылға арналған жоспарға сәйкес «Инклюзивті білім беру: әдіснамасы, тәжірибесі, технологиялары» тақырыбында республикалық әдістемелік фестиваль өткізді.

Фестиваль мақсаты – инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпы білім беру үрдісіндегі ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды (балалар) қосу бойынша тиімді әдістемелік идеялар мен технологияларды анықтау.


Фестиваль жұмысынатүзету педагогикасы жөніндегітәжірибелік орталықтардың мамандары, ЖОО-ның оқытушылар құрамы, Білім беру басқармасы мен әдістемелік кабинеттердің қызметкерлері; оқыту мен тәрбие беруде инклюзивті әдістерді қолданатын, барлық деңгейде білім беретін ұйымдардың (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап ЖОО-на дейін) педагогикалық ұжымдары; инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталықтар (кабинеттер); қоғамда инклюзивті білім беру идеяларын ілгерілететін қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар; ата-аналар қоғамдастығы қатысты.

Баяндама жасағандар: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры С.К.Исмагулова, Сорос-Қазақстан Қорының қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі С.А.Каликова, «Ашық Әлем» аутизмді балаларды қолдау қоғамдық қорының өкілдері  Е.В.Егорова, Б.Б.Аханова, «Ашық мектеп» қоғамдық білім беру қорының директоры Л.А.Попова, «Pioneer» жекеменшік қорының өкілі Жанат Қаратай, "СТС Азия Групп" ЖШС.

Қатысушылар инклюзивті тәжірибемен қамтамасыз ету үшін кадрларды дайындау, инклюзивті білім беру үдерісінде қатысушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау, инклюзивті білім беруді әдістемелік қамтамасыз бойынша ұйымдастырушылық-педагогикалық мәселелер төңірегінде кең көлемде талқылады.

Қатысушылар инклюзивті білімді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-педагогикалық мәселелерді, инклюзивті білім беру үрдісіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету, инклюзивті тәжірибені қамтамасыз ету үшін кадрлар даярлауды кең ауқымда талқылады.

Қатысушылар инклюзивті білімді дамыту және жетілдіру міндеттерін тәжірибелік тұрғыда іске асыру ұғымындағы жалпы ұстанымды Қазақстандағы инновациялық білімнің аса қажетті нысаны ретінде айқындап берді.

Бұл іс-шара қазақстандағы заңнамалар, білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы Конвенция, мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясына сәйкес инклюзивті білім беруді тарататын қоғамдық ұйымдар, педагогтар мен педагогикалық ұжымда шығармашылықпен жұмыс жасайтындардың озат тәжірибелерін көрсету, жалпы білім беруде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар (балалар) тұлғалармен жұмыс жасаудың үздік тәжірибелерін біріктіруге мүмкіндік берді.

Қатысушылар Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту үшін «Инклюзивті білім беру: әдіснамасы, тәжірибе, технологиялар» тақырыбын талқылай отырып, республикалық фестиваль өзектілігін анықтады.

Бұл іс-шара online.ripkso.kz\webinar сайтында онлайн-режимінде  хабар таратылды.

Фестиваль нәтижесінде номинациялар бойынша 1,2,3 дәрежелі Дипломдар тапсырылды:

  1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру ортасын құрудағы үздік тәжірибе»:

            1 дәрежелі Диплом - Қарағанды қ., №53 «Алмагуль» балабақшасына,

            2 дәрежелі Диплом - БҚО, Орал қ. №45 Нұрсәт» балабақшасына,

            3 дәрежелі Диплом – Қарағанды облысы, Приозерск қ. «Айналайын» балабақшасына.

  1. «Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беру ортасын құрудағы үздік тәжірибе»:

            1 дәрежелі Диплом – Қарағанды қ., № 27 г. жалпы білім беретін мектеп,

            2 дәрежелі Диплом – Қызылорда қ., білім бөлімі №264 жалпы білім беретін мектеп,

            3 дәрежелі Диплом –   СҚО, Петропавл қ., № 13 жалпы білім беретін мектеп

  1. «Инклюзивті білім беру бойынша үздік ресурстық орталық (кабинет)» - Ақмола облысы, Көкшетау қ. № 19  жалпы білім беретін мектеп.
  2. «Колледж жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттерді қолдаудың үздік моделі» -   Павлодар қ., Павлодар бизнес-колледжі.
  3. «ЖОО жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттерді қолдаудың үздік моделі» - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық  университеті.

Республикалық фестиваль жұмыстары нәтижесінде қатысушылардың инклюзивті білім беру аймағындағы әдіснамалар, тәжірибелер, технологияларды ары қарай жетілдіру бойынша ұсыныстарын талқылап және қабылдады.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33