ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

03 Қараша 2017

         Мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған «М.Монтессори жүйесінің тұжырымдамалық идеяларын енгізу жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық процесін басқару» тақырыбында көшпелі біліктілікті арттыру курсын өткізу 

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖҚБАРИ жоспарына сәйкес 23.10. -03.11.2017ж аралығында Қостанай қаласында мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған «М.Монтессори жүйесінің тұжырымдамалық идеяларын енгізу жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық процесін басқару» тақырыбында көшпелі біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс жетекшісі – Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Б.Л.Смагулова.


Курстың мақсаты – мектепке дейінгі ұйым басшыларының М.Монтессори жүйесі идеяларын енгізу жағдайында мектепке дейінгі ұйымды басқару және педагогикалық үдерісті модельдеу бойынша кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Тыңдаушылар санаты – Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйым басшылары.          

Курс барысында тыңдаушылар М.Монтессори  әдісі бойынша бақылауды жүзеге асыру, заттық-дамытушылық ортаны жобалау, жұйенің психологиялық-педагогикалық қағидаларын жүзеге асыру, мектепке дейінгі жастағы балалармен білімдік ортаны модельдеу, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру, М.Монтессори жүйесінің тұжырымдамалық идеяларын енгізу мен насихаттау бойынша АКТ дағдыларын жетілдіру салалары бойынша білімдерін тереңдетті.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33