ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

02 Қараша 2017

2 қазан 2017 жылы  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты  (ББЖҚБАРИ) Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың инновациялық амалдары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында Алматы қалалық №51 бөбекжай-балабақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың дағдылары мен білімдерін дамыту деңгейлерін бағалаудың жүйесін жетілдіру» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.


Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық үдерісін бағалау құралдарын қолдана отырып жетілдіру.

Тәжірибелік сабақ  жұмысына 14 облыстың және Астана, Алматы қалаларының мектепке дейінгі ұйымдар басшылары (меңгерушілер), әдіскерлер, тәрбиешілері, сондай-ақ Алматы қаласы Жетісу аудандық әдістемелік бірлестік мүешелері қатысты.

Іс-шараны мектепке дейінгі ұйым басшысы Ф.К. Омарбекова ашып, мектепке дейінгі жастағы балалардың дағдылары мен білімдерін дамыту деңгейлерін бағалаудыңмектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуде тиімділігінің маңызына тоқталды.

Тәжірибелік сабақты жүргізу барысында мектепке дейінгі ұйым педагогтары (Штеркель В., Касиева Б.А., Валиева С.А., Аманжол Ж., Саткынбаева  Г.Д.,Камалова А.Э., Мамытханова Г.М.) инновациялық технологияларды (денсаулық сақтау технологиясы, асық терапиясы, лепбукты қолданудағы сенсорика, ертегі терапиясы), сонымен бірге әдіскер Д.У Мусабекова мектепке дейінгі жастағы балалармен, үдерісті және тапсырмалар тізбегі, оларды жүзеге асыру әдістері мен құралдары, орындаушылар, бақылау тәсілдері мен алынған нәтижелерді бағалау негізіндегі іс-әрекет нәтижесін қарастыратын. яғни ұйымдастырылған оқу әрекетіндегі бағалау механизмі туралы ойларын ортаға салды.

Қатысушылар кері байланыс кезінде бірлескен жұмысқа қанағаттанатындығын және ББЖ ҚБАРИ қызметкерлері мен оқытушылары тарапынан әдістемелік қолдауды қажетсінетін мәселелерді анықтады. Қатысушылар педагогтардың кәсіби дамуына қажетті осындай кездесулерді жиі өткізуге ұсыныс білдірді.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33