ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

02 Қараша 2017

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ мен БҰҰ «ЮНИСЕФ» Балалар Қорының бірлескен жобасы аясында ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысымен  кездесу туралы

2017 жылдың  27 қазанында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ мен БҰҰ «ЮНИСЕФ» Балалар Қорының бірлескен жобасы аясында Алматы қ. № 57 бөбекжай-балабақша базасында Васко Поповски ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы және Стативкина Анна ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілімен кездесуі өтті.


Кездесу мақсаты: Қазақстандағы балаларға арналған апатты жағдайлар қаупін төмендету жобасын жүзеге асыру бойынша қиындықтарды анықтау және сәтті тәжірибені бағалау. 

№57 балабақша меңгерушісі Г.А. Бельгибаева  және педагогтар апатты жағдайлар қаупін төмендету бойынша ұйымдастыру және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұсынды, өмірлік қауіпсіз мінез-құлық дағыдыларын қалыптастыру бойынша әр түрлі жастағы топ балаларымен оқу қызметін көрсетті.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ  ҚБАРИ өкілдері: жоба координаторы, «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Л.А.Дорожкина; мектепке дейінгі тәрбие бойынша сарапшысы, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері К.К.Турдахунова; «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы О.И.Жақсым.

Кездесу қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беруде апатты жағдайлар қаупін төмендету бойынша ЮНИСЕФ және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ-ның алдағы бірлескен жұмысын жетілдіру бойынша  құрылымдық ұсыныстар қабылданып және жеткен жетістіктер аталды.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33