ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

12 Қазан 2017

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт 2017 жылдың 02-13 қазан аралығында Шымкент қаласында «Робототехника негіздері» Білім беру бағдардарламасы бойынша  жоспарлы көшпелі біліктілікті арттыру курсын өткізуде.


Курс бағдарламасы жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдердің роботтарды құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын қалыптастыруға, робототехника негіздері, инженерлік дизайн және технологияларды меңгеруге бағытталған.

Орта білім беру ұйымдарының математика, физика, информатика пәндерінің 25 мұғаліміне арналған курс облыстық дарынды балаларға арналған Б.Өтепов атындағы «Өнер» мектеп-интернаты базасында ұйымдастырылып өткізілуде.

Курс аясында ОҚО білім басқармасының қолдауымен 10 қазан күні №2 «Білім-инновация» қыз балалар лицей-интернаты тарапынан «БИЛ-де Роботты техника таңдау курсының ұйымдастырылуы» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

Семинарды ББЖ ҚБАРИ   «Менеджмент және ақпараттық технологиялар»  кафедрасының аға оқытушысы, курс кураторы Жаксылыкова К.З., лицей-интернаты директоры  Ж.А. Мусабаева ашты.

Семинар барысында лицей-интернат ұстаздары Иманов Н.Б., Есенқұл А.Т. және  лицейдің 7-10 сынып оқушылары тарапынан «Роботты техника іс-шаралары» күнтізбесіне сәйкес «Өз роботыңды құрастыр» - роботты техника фестивалі, «Роботты техника олимпиадасы – робоәлемнің табысты бастамасы» - жетістіктер көрмесі және таныстырылымдар ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға қатысушылар робототехника әлеміндегі республикалық және халықаралық деңгейдегі лицей-интернаттың жәңімпаз оқушыларының жұмыстарымен танысты. Мектептерде робототехниканы ендіру бойынша мұғалімдерге іс-тәжірибе алмасу үшін практикалық тәжірибе алаңы ұсынылды.

Семинар жұмысы «Роботты техниканың информатика сабағына кіріктірілуі» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен қорытындыланды.

Курс барысында беріліп отырған теориялық білімнің тәжірибемен  ұштастырылу мақсатында ұйымдастырылған семинар жұмысы тыңдаушылар көңілінен шығып жоғары бағаланды.

Қатысушылар біліктілікті арттыру курс шеңберінде өткізілген аталған іс-шараның  өзектілігі мен дәл уақытылығын атап өтті.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33