ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

04 Қазан 2017

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты (ары қарай – ББЖ ҚБАРИ) Жедел жұмыс жоспарына сәйкес Сіздерді «Ұлттық мектеп моделі: авторлық мектептер тәжрибелері» атты педагогикалық жәрмеңкеге қатысуға шақырады.

Педагогикалық жәрмеңкенің күні және өткізілу орны: 2 қараша 2017 жыл, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ, Алматы қаласы.  

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс тілі.   

Педагогикалық жәрмеңкеге қатысуға білім беру ұйымдарының басшылары (республиканың жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектеп директорының орынбасарлары, директорлары), «Өрлеу» БАҰО АҚ, қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері, Алматы қ. жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, Алматы қ. педагогикалық қоғамдастық өкілдері шақырылады.


Шараның мақсаты: Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық-рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы озық тәжірибелерді анықтау.

Міндеттері:

− білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіндегі үздік педагогикалық іс-тәжірибелерді талқылау, насихаттау және енгізу;

− «Тәрбие орталықтары», «Ата-аналар мектептері» жұмыстарын насихаттау;

− өскелең ұрпақты тәрбиелеуде білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Педагогикалық жәрмеңкеге қатысу үшін өскелең ұрпақтың бойында  ұлттық-рухани құндылықтарды қалыптастыру және дамыту мәселесі бойынша білім беру ұйымдары жұмыстарының табысты тәжірибелері(мектептің даму жоспары, тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспарлары, оқу-тәрбие жұмыстарының үлгілері, шығармашылық жұмыс үлгілері, үйірме жұмыстарын жүргізудің авторлық бағдарламалары және т.б.)  ұсынылады. Жұмыс мазмұнын ашып көрсететін дәлелді материалдар қосымша: бейнежазбалар, әдістемелік материалдар, таныстырылым және т.б. материалдар авторлық құқықты сақтай отырып республикаға тарату мақсатында сұралады.

29 қазанға дейін ұйымдастыру комитетіне тікелей қатысу үшін өтінішті жіберу керек. (1 қосымша).

Өтініш пен материалдар талапқа сәйкес (2 қосымша) жіберілуі қажет.  

Әр файл ұйымның атауымен белгіленеді, мысалы: Алматы қ. №57 ОМ. СҰРАНЫС.

Жәрмеңке қатысушыларының метериалдары өзекті болуы қажет, ҚР заңнамасына және этикалық нормаларға, жалпы қабылданған ғылыми фактілерге қайшы келмеуі тиіс.

Шара қорытындысында Педагогикалық жәрмеңке материалдарының электрондық жинағы шығарылады. Педагогикалық жәрмеңке қатысушыларының ұсынған материалдарының авторлық құқықтары сақталады, ұйымдастыру комитеті тек қана олардың жарыққа шығуына мүмкіндік  жасайды. Баспаға ISBN беріледі.

Ұсынылған материалдарға пікір берілмейді және қайтарылмайды.  Жәрмеңкені ұйымдастыру комитеті ұсынылған жұмыстарды ішінара редакциялау құқығын қалдырады.

Педагогикалық жәрмеңкенің қатысушылары құрмет дипломы, сертификаттармен марапатталады.

Қатысушылар үшін іс-сапар шығындары жіберуші ұйым тарапынан жүзеге асырылады.

Өткізілу орны: «Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ, Алматы қаласы, Амангелді көшесі 61 үй.

Барлық сұрақтар бойынша Педагогикалық жәрмеңкенің ұйымдастыру комитетіне келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: 8-727-2674466, 87013137439 «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы немесе gultoc@mail.ru. электрондық поштасы.

 

№1 қосымша

Педагогикалық жәрмеңкеге қатысушының  өтініші

1. Облыс, қала

                                                                                 

2. Ұйым (толық атауы)

 

3. Білім беру ұйымының атауы

 

4. Байланыс телефондары (халықаралық байланыс

кодымен қоса, ұялы телефон номері)

 

5. Байланысушының Т.А.Ә., телефоны

 

6. Электрондық поштасы  (е-mail)

 

7. Ұлттық-рухани құндылықтарды жүзеге  асыру

тәжірибесі туралы қысқаша ақпарат

 

8. Қосымша мәліметтер  (қажет болған жағдайда)

 

Педагогикалық жәрмеңкеге қатысу өтініші 2017 жылдың 29 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне gultoc@mail.ru. электрондық поштасына жіберіледі.

 

№2 қосымша

Тәжірибені сипаттау мәтінін рәсімдеу талаптары

Мәтін редакторы: Windows үшін Word, беттің форматы  – А 4. Шет аймағы барлық жағынан: 2,5.

Мәтінді рәсімдеу:

 – Ұйымның атауы, облысы, қала атауын жартылай қарайтылған курсивпен белгілеңіз; шрифт Times New Roman, өлшем размер 14 pt, 1 интервал арқылы.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33