ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

02 Қазан 2017

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясындағы патриоттық тәрбие» республикалық форумы

2017 жылдың 28 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясындағы патриоттық тәрбие» республикалық форумы өткізілді.


Форум ББЖ ҚБАРИ-ның жедел жоспарына сәйкес «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы қосымша білім беру педагогтарына арналаған біліктілік арттыру курысының аясында өтті.

Мақсаты: «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары аясында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Форум жұмысына ҚР 14 облысының және Астана, Алматы қалаларының жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қосымша білім беру педагогтары қатысты.

ҚР ББЖҚБАРИ директорының инновациялық даму ісі жөніндегі орынбасары С.К.Суатай семинар-практикум қатысушыларына алғы сөз сөйлеп, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру аясында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар мен  патриоттық тәрбиені қалыптастыру бойынша осы іс-шараның уақытылы өткізілгендігін және маңыздылығын атап өтті.

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында қазақстандық потриотизм мәселесі Қарағанды облысы,  Балқаш қаласы КМҚК Оқушылар сарайының  педагог-ұйымдастырушысы Г. К.Тогайбекованың баяндамасында көрініс тапты.

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы аясында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру бойынша өз тәжірибесімен  Ақмола облысы, Щучинск қаласының №1  мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Н.Абдульманова бөлісті.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру бойынша мектеп қызметінің нәтижелі тәжірибесін Қызылорда қаласы, № №253 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары   Ж.Тлеубергенов көрсетті.

Форум қатысушылары өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудың маңыздылығын, сонымен қатар педагог қызметкерлердің біліктілік арттыру курсы аясында осы форумның дер кезінде өткізілгендігін атап өтті.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33