ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

12 Шілде 2017

2017 жылдың  26 маусым - 5 шілде аралығында Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысы бойынша білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларына арналған «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ  ҚБАРИ  арқылы  ұйымдастыруымен  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептің инновациялық  дамуын басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс жетекшісі педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Комекова Сандуғаш Оралханқызы.

Курс аясында «Қазақстан Республикасындаорта білім  берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында өткен дөңгелек үстел сәтінен...


Курстың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жүйелі қолдануда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының басқарушылық құзіреттілігі мен жеке өзін-өзі жетілдіру деңгейін арттыру.

Курсқа  Ақтөбе қаласынан және Ақтөбе облысы Темір, Қобда, Шалқар, Қарғалы, Әйтеке би, Мұғалжар, Ырғыз аудандары мектептерінен 25 тыңдаушы қатысты.

Жаңартылған мазмұнда басқарушылыққа қатысты курста берілген: «Жалпы білім беретін мектептегі қазіргі менеджмент пен оны ақпараттың қамтамасыз ету: теория және технология»; «Инновациялық менеджмент білім  беру мазмұнын  жүйелі  жаңарту аясында басқару сапасын арттыру негізі ретінде»; «Мектеп жұмысын басқару мен автоматтандыру үшін АКТ заманауи құралдарын, медиа ресурстарды қолдану» тақырыбында өтілген маңызды дәріс, тренинг-семинарлар бүгінгі мектепті басқаруда бізді толғандырып жүрген көптеген мәселелердің шешімін табуға көмектесті. Курс барысында қатысушылар өз жұмыстарын қорғап  қана қоймай, тың идеялар мен жобаларды ортаға сала білді.

Тәжірибе алмасу мақсатында №60 жалпы білім беретін орта мектепте «Сабақты зерттеу (Lesson Study - лессон стади) жүргізудегі жоспарлау, оқыту, бақылау және оқытуды талдау барысындағы жаңа педагогикалық тәсілдер тақырыбында» дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында аталған мектептің директоры  Тажимшеев А.А., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шамгунова Б.С. мектептің  жетістіктерімен таныстырып оқу-тәрбие  үдерісіндегі  пайдаланып жатқан тиімді технологияларды әріптестерімен бөлісті. Курс мазмұны біз үшін теория мен практикаға ұштастырылған нәтежиелі жұмыс болды.

Сабақ барысында тапсырма орындауда тыңдаушылар өз ара іс-тәжірибелерімен бөлісуде...

Ақтөбе қаласы №60 ЖББМ көшпелі тәжірибелік сабақта  «Технология» пәні мұғалімінің жұмысымен танысу сәтінен

Тыңдаушылар «Lesson Study - лессон стади жүргізудегі жоспарлау, оқыту, бақылау және оқытуды талдау барысындағы жаңа педагогикалық тәсілдер» тақырыбында өткен семинарда тыңдашылар өз ойларын ортаға салуда...

Ақтөбе қаласында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептің инновациялық  дамуын басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өткен курс тыңдаушылары


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33