Әкімшілік-ұйымдастырушылық мәселелері бойынша басқарманың гардеробшысы

ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық Институты

Әкімшілік-ұйымдастырушылық мәселелері бойынша басқарманың гардеробшы орнына бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бірлік).

Біліктілік талаптары

  • Гардеробшы лауазымына орта кәсіптік білімі немесе орта (Толық) жалпы білімі және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады
  • Гардеробшы Институт директорының бұйрығымен лауазымға тағайындалады және босатылады.
  • Гардеробшы тікелей бас инженерге бағынады.
  • Гардеробшы білуі тиіс:
  • Филиалдың өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер
  • Еңбек заңнамасының негіздері
  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
  • Лауазымдық міндеттері

  • Келушілердің сыртқы киімдерін, бас киімдерін және басқа да жеке заттарын (құнды заттардан, асыл заттардан және ақшадан басқа) қабылдайды.
  • Келушілерге заттарды сақтау орнының нөмірі көрсетілген жетондар береді және жетонды көрсеткен кезде ғана киім мен басқа да заттарды береді.
  • Гардероб бөлмесінің тазалығында және тәртібінде болады.
  • Мүгедектерге, жас және қарт адамдарға шешіну және киіну кезінде көмек көрсетеді.
  • Сақтауға тапсырылған заттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Сақтауға тапсырылған заттардың жоғалғаны туралы әкімшілікке дереу хабарлайды және оларды анықтауға шаралар қабылдайды.

Жеке қасиеттері

  • Көпшіл.
  • Жауаптылық.
  • Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік – ұйымдастырушылық мәселелер бойынша басқарманың кадрлық мәселелері бойынша бас маманына электронды түрде (құжаттардың сканирленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш (сілтеме);
  • түсті фотосуреттегі түйіндеме (сілтеме);
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (сілтеме);
  • фотосурет (формат 3*4) немесе оның электронды форматы;
  • мекенжай анықтамасы;
  • жеке басын куәләндыратын құжат (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін – ықтиярхат);
  • қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын

құжаттар (жоғары білімі туралы, біліктілікті арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы  құжаттардың  көшірмелері, жергілікті жері бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері.

Ескертпе: құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді.

  • алдын ала медициналық тексерістен өткендігі туралы анықтама (086Н);
  • қылмыстық құқық бұзушылық және жемқорлық құқық бұзушылықты жасағандығы туралы мәліметттердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  • әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.
    Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрстілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2019 жылғы 07 қазан, 10-00 сағат, 205 каб.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2019 жылғы 04 қазанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Амангелді к.,61а,  308 каб. немесе:
ripkso@orleu-edu.kz эл.почтасы

Анықтама үшін телефон: +7 /727/ 267-44-21 қабылдау бөлмесі.

Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.