Қалалық байқауға қатысу

 2021 жылдың 15 – 30 қарашасы аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы «Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» тақырыбында байқау өткізді. Байқауда «Өрлеу» ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Көмекова С.О.            әділ-қазылар алқасының мүшесі болып, педагогтерді алқалы орындармен марапаттады.

Қалалық байқаудың негізгі мақсаты педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және ынталандыру, педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру болып табылды.

Байқауға қатысқан педагогтердің жұмыстарын бағалауда педагогикалық қызметінің нәтижелігі мен педагогтердің жеке тұлғасына, жобалық жұмыстарының теориялық-тәжірибелік жаңашылдығына және әдістемелік технологиялық әзірлемесіне басымдықтар берілді.

Алматы қаласы Білім басқармасы «Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік бөлімінің» басшысы Сандуғаш Тұрсынбайқызы қалалық байқауды өткізуге қосқан үлесі үшін Көмекова Сандуғаш Оралханқызын алғыс хатпен  марапаттады.