Курстан кейінгі қолдау – кәсіби шеберлікті шыңдау

2021 жылдың 16 қарашасында «Өрлеу» ББЖҚБАРИ тренері Комекова Сандугаш Алматы қаласы, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының мұғалімдеріне курстан кейінгі қолдау мақсатында «Оқыту мен оқудағы өзгерістер не үшін қажет?» тақырыбында коучинг өткізді.

Коучинг барысында заманауи оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін зерделеп, тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын қарастырды. Педагогтерге курстан алынған білімі мен біліктерін тәжірибеде тиімді қолданудың өзекті мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар мен кеңестер берілді.

Курстан кейінгі қолдаудың негізгі мақсаты дұрыс бағытта маңызды ақпараттармен бөлісіп, әртүрлі жұмыстарды түрлендіріп, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы педагогтерді жетістіктерге жеткізуге мүмкіндіктер беру.