Мектепке дейінгі ұйымның оқу процесін жетілдірудің инновациялық басқару тәжірибесі

2021 жылдың 08 қарашасында «Өрлеу» ББЖ ҚБАРИ тренері Тайтанова Нуржамал Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы «№11 «Тенге» бөбекжайы ұжымына арналған «Мектепке дейінгі ұйымның оқу процесін жетілдірудің инновациялық басқару тәжірибесі» курс аясында практикалық семинар өткізді.

Семинар барысында балалардың қиялын дамытып қана қоймай, жүйелі түрде ойлануға, түсінуге үйрететін технологияларға тоқталып, практикалық жұмыс барысында тапсырмалар орындау арқылы осы технологияларды пайдаланудың бірнеше мысалдары қарастырылды.

Тыңдаушылар осы инновациялық технологиялар әр педагог үшін өзінің кәсіби-тұлғалық даму деңгейін арттыруға және педагогикалық шеберлік дағдыларын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.