Базалық мектептерге әдістемелік қолдау көрсету

2021 жылдың 4 қарашасында «Өрлеу» ББЖҚБАРИ тренерлері Қағазов Бақытбек пен Байқоныс Әнуар Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылындағы №19 көпсалалы мектеп-гимназиясы мұғалімдеріне «Білім берудің кілті неде?» тақырыбында әдістемелік қолдау көрсетті.

Семинар аясында оқушылар бойына қажетті базалық дағдыларды қалыптастырумен қоса, өзгермелі қоғамға қажетті икемді құзыреттіліктерді дарыту жолдары сөз болды. Тренерлер тиісті ресурстарымен бөлісті.

Шара барысында ұстаздарға сауал тасталып, олардың қажеттіліктері анықталды. Бұл келесі кезекте болатын әдістемелік қолдаудың тақырыбын айқындауға негіз болды. Семинар соңында мектеп директоры Коншибаев Н.О. мұғалімдерге жасалған әдістемелік көмек үшін институт басшылығына алғысын білдірді.