Ынтымақтастық туралы Меморандум

2021 жылдың 3 қарашасында “Өрлеу” БАҰО” АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында Халықаралық бизнес университетінің (UIB) өкілдерімен және профессоры Dr. Alessandro Figus-пен кездесу өтті (University of Cassino and Southern Lazio, Италия).

Кездесу аясында республиканың білім беру ұйымдарының басшыларына арналған инвестициялық менеджмент, жобалық басқару, икемді дағдылар, цифрлық білім беру технологиялары бағыттары бойынша бірлескен білім беру жобаларын өткізу туралы Меморандумға қол қойылды.