Басқару стилі. XXI ғасыр дағдыларын дамыту: қашықтан оқыту ортасындағы 4К, Soft-skills және Hard skills

2021 жылдың 30 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтының  «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Қ.Рысқұлбекова  «Қашықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерісін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізі ретінде» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Басқару стилі. XXI ғасыр дағдыларын дамыту: қашықтан оқыту ортасындағы 4К, Soft-skills және Hard skills» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты: цифрлық технологиялар заманауи дәуіріне қажетті XXI ғасырдың құзыреттіліктерін анықтау.

Вебинар барысында заманауи басшының стилін анықтау мен ХХІ ғасырдағы білім алушылардың дағдыларын қалыптастыруда 4 К және икемді Softskills дағдыларының маңыздылығына тоқталды. Вебинарға қатысушылар мәселелерді белсенді талқылап, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар соңында курс тыңдаушылары қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.