Заманауи мектеп педагогы: ізденіс және келешегі

2021 жылдың 26 мамырында  «Өрлеу» БАҰО»  АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Заманауи мектеп педагогы: ізденіс және келешегі» тақырыбында он-лайн режимінің ZOOM платформасындареспубликалықon-line конференция өткізді.

Іс-шара мақсаты: білім беру сапасын арттыру үшін 21 ғасыр педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту болды.

On-line конференция қатысушыларына құттықтау сөзімен п.ғ.д., профессор, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ директоры Макатова Жансауле Алиевна, ф.-м.ғ.к., директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Койлык Нургали Отарбаевич сөз сөйледі.

Конференцияға қатысып, баяндама жасағандар:

  1. Мухамбетжанова Сауле Талапеденовна п.ғ.д., директордың инновациялық білім жөніндегі орынбасары, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ.
  2. Маханбетова Агима Абиловна п.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі.
  3. Бейсен Нурзада Абдибековна ф.-м.ғ.к., профессор, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор.
  4. Мысаева Қарлыға Накысбековна әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры, журналистика факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары.
  5. Шағырбаева Ментай Догдырбайкызы п.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының оқытушысы.
  6. Мухамадиева Рауфа Хусаиновна Алматы қаласы, Білім басқармасының «№49 Жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры.
  7. Кисыкова Акгул Мырзабековна Ақтөбе қаласы, «Жаңа мектеп» лицейі» КММ директоры.
  8. Құдайбергенов Дауленбай Сазанбекович Түркістан облысы, А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейі КММ директоры.
  9. Жантурина Марфуха Саменовна Ақтөбе қаласы, «№65 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директоры.
  10. Аманов Нуржігіт Бердибекұлы Алматы қаласы, Білім басқармасының «С.А.Ходжиков атындағы  №39 мамандандырылған лицей» КММ мұғалімі.

Іс-шараға орта білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдері, колледж оқытушылары және институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Конференцияда педагогтің кәсіби дамуының өзекті мәселелері: оқытудағы заманауи әдістер мен тәсілдер, білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация, заманауи әдістемелерді, қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану, сондай-ақ қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері қаралды.

Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.