Цифрлық трансформация жағдайында білім беру ортасын басқарудың инновациялық тәжірибесі

2021 жылдың 12 мамырында «Өрлеу» БАҰО» қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында «Цифрлық трансформация жағдайында білім беру ортасын басқарудың инновациялық тәжірибесі» тақырыбы бойынша «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының қашықтықтан оқыту және курстан кейінгі қолдау зертханасының меңгерушісі Тен Алира Сунтаковнаның ұйымдастырылуымен вебинар өтті.

Вебинарға баяндамасымен қатысқандар:

  1. Мұхамбетжанова Сауле Талапеденовна, п.ғ.д., “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы ББЖҚБАРИ инновациялық білім беру жөніндегі директордың орынбасары
  2. Қойлық Нұрғали Отарбаевич, ф.м.ғ.к., к.ф.м.н., “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы ББЖҚБАРИ  оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары
  3. Тунгишбаева Гулназ Облбековна, Алматы қ., №2 КММ лицейдің директоры
  4. Бекбатырова Назгул Нурмуханбетовна, Алматы қ., №2 КММ лицейдің информатика пәні бойынша мұғалімі
  5. Зимарева Ирина Викторовна, Батыс Қазақстан облысының, Орал қ., №9 КММ ОББМ директоры
  6. Карсакова Мира Сагидулловна, БҚО, Орал қ., қ., №9 КММ ОББМ информатика пәні бойынша мұғалімі
  7. Маликова Найла Токтамуратовна, Алматы қ., КММ «С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандырылған лицейдің» директоры
  8. Аманов Нуржигит Бердибекович, Алматы қ., КММ «С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандырылған лицейдің» қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалімі
  9. Сагынбаев Асхат Катбекович, Павлодар қ., КММ «№5 орта білім беру мектебінің» директоры
  10. Ошанова Куралай Еренкаиповна, Алматы қ., КММ «И.В. Панфилов атындағы Қазақстан – Ресей №54 мамандырылған мектеп-лицейінің» директоры
  11. Амирканова Дина Мухтаровна, КММ «И.В. Панфилов атындағы Қазақстан – Ресей №54 мамандырылған мектеп-лицейінің» IT саласы жөнінде мектеп директоры
  12. Думанов Николай Федорович, КММ «И.В. Панфилов атындағы Қазақстан – Ресей №54 мамандырылған мектеп-лицейінің» IT саласындағы бизнес, география пәні бойынша мұғалімі
  13. Касымова Гульмира Ахылбековна, Алматы қ., КММ №24 лицейдің білім және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
  14. Алиева Маржан Докторхановна, КММ №24 лицейдің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасары
  15. Жорабекова Бахтыгуль Икрамовна, Жібек Жолы ауылының Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, №20 орта мектебінің ағылшын пәні бойынша мұғалімі.

Вебинардың басты мақсаты – цифрлық трансформация жағдайында информатика және басқа да пәндер бойынша жиі түрде кездесетін проблемалар мен қиындықтар туғызатын сұрақтарға жауап алу, басқарушылық және педагогикалық мәселелерді шешу жолында басқарушы-тәлімгер мен педагог-новатор арасында инновациялық тәжірибемен алмасу мен бөлісу болып табылады.

Басқарушылар мен педагогтар арасындағы инновациялық идеялар мен тәжірибемен өзара алмасу қашықтықтан оқыту форматы аясында оқыту мен білім беру үдерісін басқаруда ең тиімді нәтижелерге жеткізеді.

Қатысушылардың материалдары www.ripkso.kz сайтындағы «Оқушылардың білімін толықтыру шеңберінде педагогтарға көмек көрсету» айдарында орналасқан. Вебинардың тікелей эфирі YouTube видеохостингте келесі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/Cj0gO_rdLUY