Республикалық бейнесабақтар байқауы «Үздік педагогтар эстафетасы» жалғасуда

«Өрлеу» БАҰО АҚФ  ҚР ББЖ ҚБАРИ-ның «Инновациялық білім беру мен ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушы Ф.С.Нарсеитова Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы  65 ЖББ ОМ,  Алматы облысы, Іле ауданы,  Өтеген батыр кенті, 38 мектеп-гимназиясының орыс тілді сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетіп, қолдау көрсетті. Қашықтықтан онлайн оқыту форматында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы мектеп мұғалімдері IV-тоқсан бойынша бейнесабақтарын әзірлеп, дайындады.