Үздік педагогтар эстафетасы жалғасуда

Еліміздің үздік педагогтарының қазіргі заманғы озық жаңа идеяларын тарату мақсатында орыс тілді мектептерде география пәні 10-сынып бойынша мұғалімдер өздерінің үздік сабақтарын ұсынып отыр. Осы озық тәжірибені таратуға «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ-ның «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, тренер А.К. Сабиханова таныстырылым мен сценарийдің жүйелі құрылуына әдістемелік көмек көрсетті.