Оқушылардың кәсіптік бағдардағы заманауи тәсілдері

2021 жылдың 30 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖҚБАРИ Алматы облысындағы КММ «Лермонтов атындағы орта мектебінің» педагогтары (мектеп директоры Котова Л.И., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дюсенбаева А.Н., тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аксакалова Ш.Т., қазақ тілі пәні бойынша мұғалімі Акишева Ж.М., орыс тілі пәні бойынша мұғалімі Шин М.Ю. және т.б.) мен «Қашықтықтан оқыту және ақпараттық технологиялар» кафедрасы жанындағы қашықтықтан оқыту және курстан кейінгі қолдау лабораториясы меңгерушісі Тен А.С. қатысуымен «Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы оқушылардың кәсіптік бағдардағы заманауи тәсілдері» тақырыбы бойынша онлайн семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушылар кәсіптік бағдар жұмысы саласында өзекті сұрақтар, трендтер мен мәселелерді, сондай-ақ, еңбек нарығы есебі мен оқушылардың өз мүмкіндіктері мен қабілетіне сай болашақ кәсібін анықтау мақсатында,  оқушылардың еңбекке деген зерделі көзқарасты тудыру әдістері мен технологияларын талқылады.

Іс-шара аясында «SMART-мектеп – мансаптың сәтті өсу алаңы» жобасы ортаға салынып талқыланды. Семинар қатысушылары түйінді ережелері мен қызметтің басты бағыттарын және стратегиялық жоспарлау мен жобаны басқаруды қарастырып, оның аралық нәтижелерімен бөлісті. Тен А.С. аталмыш тақырыптың өзектілігін атап, Жобаның негізгі кезеңдерін түсіндіріп, комментарий мен нәтижелі кері байланысын берді. Сонымен қатар, оның нәтижелігі бойынша ұсыныстары берілді.