Онлайн-ивенттерді ұйымдастыру барысында қолданылуға ұсынылатын лайфхактар

2021 жылдың 26 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы К.З. Жаксылыкова,  Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистранттары Абдыллаева М. мен Шаймерденова А. жетекшілігімен «Онлайн-ивенттерді ұйымдастыру барысында қолданылуға ұсынылатын лайфхактар» тақырыбында онлайн-форматта вебинар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында спикерлер тарапынан вебинарға қатысушыларға онлайн-инвенттерді ұйымдастыру процесінде қандай лайфхактар қолдануға болады,- деген сауалдарға жауаптар берілді, онлайн – шара өткізуге арналған үздік және тиімді платформаларға шолу жасалынып,  бейнеконференцияның тиімділігін арттыруға бағытталған онлайн-кеңестер және лайфхактар ұсынылды.

Вебинар соңында қатысушылар сындарлы идеяларымен, тәжірибелерімен алмасып, қаралған мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Онлайн іс-шараға базалық білім беру ұйымы  – Алматы облысы  Абай атындағы гимназия әкімшілігі және педагогтері  қатысты.