Құндылығы мол мұражай

2021 жылдың 19  наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру»  кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. А.А.Маханбетова ұйымдастыруымен Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2-курсының магистранттары Д.Р. Әбен, Р.О.Аленова, А.А. Аленова институт мұражайы мұрағаттарымен танысты.

Мұражай ісінің бас маманы Сембаева Нүргүл Тілеубердіқызы Қазақстанда педагогтардың біліктілікті арттыру жүйесінің қалыптасуы  мен дамуына, республикалық институттың құрылу кезеңінен бастап, осы күнге дейінгі тарихына және педагогика  саласының көрнекті ағартушыларының еңбектеріне, соның ішінде Ы.Алтынсарин еңбегінің түп нұсқасы, алғашқы латын алфавиті және Мамания мектебі экспозициясына шолу жүргізді. Магистранттар мұражайдың мол мұрасына, әсіресе ұлттық құндылықтарға  аса қызығушылық танытты.