Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық менеджмент

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Н. К. Тайтанова 2021 жылдың 15 – 26 ақпаны аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Курстың мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында педагогикалық менеджмент мәселелері бойынша ұйым басшыларының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.
Біліктілікті арттыру курстары аясында тыңдаушылар мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының бақылау-талдау қызметін қарастыратын болады.