VIІІ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі

2021 жылдың 11 және 13 ақпан аралығында Алматы ЮНЕСКО кластерлік басқармасы қолдауымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті ұйымдастыруымен «Qazaq Radiosy» 100 жылдығы және Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио әр тұрғынға және барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» тақырыбы бойынша VIІІ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебін онлайн форматта өткізді.

Халықарадық іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы Ф.С. Нарсеитова, сондай-ақ, Қырғызстан, Ауғаныстан, Өзбекстан, Тәжікстан журналистері және оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

Іс-шараның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, қатысушылар алғыс хаттар мен сертификаттармен марапатталды.

Youtube-тағы эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=S2M4z_j0Tiw&feature=youtu.be