Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогикалық менеджмент

2021 жылдың 11 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының Қашықтықтан білім беру және курстан кейінгі қолдау зертханасы меңгерушісі Тен Алира Сунтаковна республиканың білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогикалық менеджмент» тақырыбы бойынша вебинар өткізді..

Іс-шараның мақсаты – педагогикалық менеджмент тәсілдері мен әдістерінің, негізге алынатын қағидаттардың қашықтықтан оқыту жағдайында заманауи мектеп моделін жобалау бойынша басқару дағдыларын жетілдіру.

Тыңдаушылар вебинар тақырыбының өзектілігі бойынша жағымды пікірлер айтып, білім беру саласының цифрлық өзгеру жағдайындағы басқару дағдыларын дамыту бойынша ұсыныстар берілгені үшін алғыстарын білдірді.