«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ мектеп мұғалімдеріне қашықтықтан қолдау жұмысын жүргізуде. «Жоғары мектепте оқыту әдістемесі және халықаралық білім беру бағдарламалары» кафедрасының аға оқытушысы Абайдуллаева А.А. 6 сыныпқа арналған қазақ әдебиеті пәні бойынша мектеп мұғалімдеріне бейнесабақты жоспарлау, әзірлеу және сабақтың сценарийін құрастыру бойынша кеңесін беріп, нәтижесінде мұғалімдер өз пәні бойынша бейнесабақты жазып шығарады.