Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері

2021 жылдың 04 – 09 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ  ҚБАРИ «Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында Алматы облысының  педагогтарына біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

Курс барысында инклюзивті білім беру жағдайында ерекше оқытуды  қажет ететін балаларды оқытуда жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, оқытудың жеке-дара амалдары, білім беру кеңістігіндегі кедергісіз білім беру ортасы, жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беру мәдениетін құру қарастырылады.