Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту

            2020 жылдың 30 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы К.К. Турдахунова «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық менеджмент» тақырыбыда біліктілікті арттыру курсы аясында Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарының 25 басшысына онлайн режимінде семинар өткізілді.

            Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту контексінде жобалық қызметті ұйымдастырудың артықшылықтарын ұсыну.

     Семинар барысында жобалар әдісі өтпелі тақырыптарды іске асыру үшін білім беру салаларын біріктірудің бір нұсқасы ретінде қарастырылды. Педагогтар жобалардың түрлерін, типтерін, құрылымын және жобалық қызмет кезеңдерінің мазмұнын зерттеді.

      Талқылау барысында семинарға қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдарда өткізілген интеграцияланған жобалардың тақырыптарын ұсынды.

            Семинар соңында курс тыңдаушылары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының Білім беру салаларын интеграциялау мәселелерін шешуде жобалық оқытудың өзектілігін атап өтті.