«Білім алушылардың бойында рухани адамгершілікті қалыптастыру, оларды отбасылық өмірге даярлау, репродуктивті денсаулықтарын сақтау бойынша білім беру ұйымдарына қолдау көрсету»

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) мен ҚР елді мекен аумағында БҰҰ Халықты қоныстандыру қоры (ЮНФПА) және ҚР БҒМ бірлескен жоба аясында 2020 жылы «Білім алушыларда рухани-адамгершілікті қалыптастыру, оларды отбасылық өмірге даярлау, репродуктивті денсаулықтарын сақтау бойынша білім беру ұйымдарына қолдау көрсету» атты пилоттық жобаны іске асыру туралы екіжақты келісімге қол қойды.

Бұл Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жаңа және басым бағыттардың бірі болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру аясында мектептер мен колледждердің оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтының маңыздылығы және оның бала тәрбиесіндегі рөлі, репродуктивті денсаулығын қорғау, сондай-ақ білім беру ұйымы мен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматын енгізу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осыған байланысты 2020 жылдың қазан – қараша айларында Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ колледждер мен мектептердің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директорларының 152 орынбасарлары үшін қазақ және орыс тілдерінде онлайн режимінде 6 пилоттық біліктілікті арттыру курстарын өткізді. 2020 жылдың желтоқсан айында мұндай курстарды Атырау және Жамбыл облыстарының педагогтеріне өткізу жоспарланып отыр.

          Пилоттық оқыту курстарын «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ профессорлық-оқытушылық құрамы арасынан арнайы дайындалған және оқытылған оқытушы-тренерлер өткізуде.

Өткізілген курстарға жүргізілген мониторинг пен бағалау нәтижелері оқушылардың рухани, адамгершілік және жыныстық тәрбиесін қалыптастырудың, олардың репродуктивті денсаулығын қорғаудың және отбасылық өмірге әлеуметтік-психологиялық дайындықтың тиімді жүйесін жасау үшін мектеп пен колледж директоры орынбасарларының кәсіби шеберлік деңгейін арттыруда оқытудың жоғары тиімділігін көрсетті.