Қашықтан оқыту технологиялары

2020 жылдың 19 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Қашықтан оқыту технологиялары» тақырыбында курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында Алматы қаласы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп интернаты  педагогтарына on-line семинар өткізілді.

Семинарды ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары К.З.Жақсылықова, Ж.А.Жартынованың басшылығымен ұйымдастырылды.

Семинарда педагогтардың оқу қызметінде қашықтан оқыту технологиялары GoogleClassRoom платформасында виртуалды сынып құру,Google Форма-да тест құру, интерактивті ақпарат беру үшін  Discord платформасында  бейнеконференция өткізу  технологиясы, онлайн сабақты өткізу үшін «YouTube» платформасын  қолдану, білімді бақылау және тексеру үшін  Google-құжат, Padlet, ClassTime көп  функциялы қосымшаларын қолдану  технологиясы, Classtime платформасы, бағдарламада  сандық білім беру ресурстарын құру Learning  Apps, ISpring QuizMaker, Prezi, Emaze, Google Docs, Haiku Deck, SlideDog  қызметтерін қолдана отырып, интерактивті  мультимедиялық презентациялар мен бейне ресурстарды құру технологияларын тиімді пайдалану дағдыларын жетілдірді.