Мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық кеңесті ұйымдастыру және өткізудің заманауи амалдары

2020 жылдың 18 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық кеңесті ұйымдастыру және өткізудің заманауи амалдары» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдар басшылары үшін онлайн вебинар өткізілді.

         Ісшараны ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Қ.Рысқұлбекова ұйымдастырды.

         Онлайн вебинарға қатысушылар мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық кеңесті ұйымдастыру, өткізудің заманауи амалдарын, басқару құрылымын, педагогикалық кеңестің функцияларын және педкеңес өткізу формаларын қарастырды. Ісшара барысында қатысушылар ойларын ортаға салып, пікір алмасты.