Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс істеуі мен дамуын жүйелі жоспарлау

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Н.К. Тайтанова 2020 жылдың 10 қарашасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық менеджмент» онлайн-форматта өткізіліп жатқан  біліктілікті арттыру курсы аясында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жетекшілігіндегі бақылау-талдау әрекеті» тақырыбы бойынша Қостанай облыстық мектепке дейінгі ұйым басшылары үшін  семинар өткізді.

          Семинардың мақсаты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын басқарудағы бақылау-талдау қызметі мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйым басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

          Ісшараға Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдарының 25 басшысы қатысты.

          Семинар мектепке дейінгі ұйымның бақылау және талдау қызметінің негізгі аспектілерін талқылау бойынша сындарлы диалог алаңына айналды. Талқылау барысында семинарға қатысушылар бақылау жүргізу кезінде мониторинг жүйесінің барлық компоненттерін және оны жүйелі түрде жүргізу алгоритмін атап өтті.

          Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен алмасты, мектепке дейінгі ұйым басшысының бақылауды жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті. Білім беру сапасының факторы ретінде бақылау-талдау қызметін жүзеге асырудың тиімді нысандары мен әдістерін қарастырды және оның тиімділігін талқылады.

          Семинар соңында ұсыныстар қабылданды.