Тұрақты дамудағы білім беру онлайн курстарын дамыту үшін қашықтан білім беру технологиялары

2020 жылдың 2-9 қараша аралығында Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан педагогтерінің біліктілігін арттыру институттарының оқытушыларына тұрақты дамудағы білім беруді тиімді енгізу, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы өзгерістер бойынша онлайн-тренинг өткізуде.
Онлайн-тренингтің мақсаты тұрақты даму саласында білім беру педагогтерінің әлеуетін арттыруға негізделген.
ЮНЕСКО-ның «Тұрақты дамудағы білім беру онлайн курстарын дамыту үшін қашықтан білім беру технологиялары» тақырыбындағы онлайн-тренингіне «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары К.З.Жақсылықова мен Ж.А.Жартынова біліктіліктерін арттыруда.