Қашықтықтан оқытуда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану

2020 жылдың 15 қазан  күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Қашықтықтан оқытуда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану» тақырыбында республикамыздың жалпы білім беретін  мектеп педагогтарына on-line семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингті «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Ж.А.Жартынова ұйымдастырды.

Семинар-тренингте  педагогтардың оқу қызметінде қашықтан оқытуда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану сауаттылығын дамыту бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында  педагогтардың  oCamPortable, Icecream Screen Recorder, iSpring Free, Freemake Video Converter бағдарламаларын оқыту қызметі саласындағы  біліктіліктері мен дағдыларын дамытып және қашықтықтан оқытуда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану дағдыларын жетілдірді.