Білім берудегі менеджмент

2020 жылдың 12 – 23 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ қашықтықтан оқыту форматында «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы К.З.Жаксылыкованың жетекшілігімен мектеп  басшыларына  арналған   «Білім берудегі менеджмент» тақырыбында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

Курстың мақсаты: білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби басқарушылық  құзыреттілік деңгейлерін жетілдіру.

Курсқа республиканың 3 өңірінен 26 мектеп басшылары қатысып отыр. 5 модульден тұратын курс бағдарламасы аясында тыңдаушылар заманауи білім беруді  дамытудың психологиялық-педагогикалық және нормативтік-құқықтық негіздерінен дәріс алып, басқарушылық қызметтің тиімділігін бірлесе талқылап, білім беру ұйымы қызметінің нәтижелілігіне бағытталған басқарудың заманауи әдістері мен стильдерін таңдауды үйренуде. Сондай-ақ білім беру қызметінде цифрлық құралдарды пайдалана отырып, ІТ құзырлықтарын дамытуда.