Білім алушыларда рухани-адамгершілікті қалыптастыру

2020 жылдың 12 – 16 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ қашықтықтан оқыту форматында Халықтың  қоныстануы және дамуы қорымен (ЮНФПА)  бірлескен пилоттық жоба аясында «Білім алушыларда рухани-адамгершілікті қалыптастыру, оларды отбасылық өмірге даярлау, репродуктивті денсаулықтарын сақтау»  тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

Курс колледж басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін ұйымдастырылды. Сабақтар «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. А.А.Маханбетованың жетекшілігімен өтуде.

Бұл бағыт ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.