Орта білім беру ұйымдарына руханилықты қалыптастыру бойынша қолдау көрсету

2020 жылдың 19-21 тамыз аралығында ББЖ ҚБАРИ оқытушы-тренерлер мен институт сарапшыларына арналған «Орта білім беру ұйымдары (мектеп, колледж) білім алушыларына руханилық пен адамгершілікті қалыптастыру, оларды отбасылық өмірге даярлау және репродуктивті денсаулықтарын сақтау бойынша қолдау көрсету» тақырыбында оқыту семинар-тренингі  өткізілуде.

          Семинар ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ мен БҰҰ-ның Қазақстандағы халықтық қорының (ЮНФПА) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шарт аясында ұйымдастырылды.