Жоба жұмыстарын онлайн қорғау

2020 жылдың 17 шілдесінде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбы бойынша онлайн форматта өткізілген біліктілікті арттыру курсын аяқтау қорытындысы бойынша жобалық жұмыстарын қорғау өткізілді.

         Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 20 мұғалімдері инклюзивті тәсілді ескере отырып, оқу бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді сабақ жоспарларының жобаларын қорғады.

         Қысқа мерзімді жоспарлардың фрагментін қорғау онлайн режимінде өтті, бұл тыңдаушыларға өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді:

– оқушылардың қажеттілігі бойынша сабақтың мақсатын сыни талдау және күтілетін нәтижелерін ұсыну ;

– ООП бар балаларға арналған тапсырмаларды таңдауда бағалау критериилері мен дамуындағы бұзушылықтардың түрін ескеру ;

– жоспар жобаларын тікелей трансляциялау бойынша АКТ-технологияларын қолдану;

– онлайн режимінде түсініктеме чат арқылы әріптестерінің жұмысын бағалау;

         «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы К.К.Турдахунова сабақ жоспарының фрагменттерін қорғау бойынша конструктивті кері байланысты ұсынды.