Аутизмі бар балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық тәсілдері

                2020 жылдың 15 шілдесінде «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайында білім беру ортасының мазмұны» атты біліктілікті арттыру курстарын өткізу шеңберінде «Аутизммен балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық тәсілдері» тақырыбында онлайн семинар ұйымдастырылды.

            Ісшара Алматы қаласы мектептерінің 20 педагогтары үшін ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы К.К.Турдахунованың жетекшілігімен өткізілді.

            Онлайн-семинардың мақсаты: аутистермен жұмыста психологиялық-педагогикалық тәсілдерді анықтау бойынша жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру.

            Семинар аясында аутистік спектр бұзылуының себептері, белгілері қарастырылды. Онлайн-семинар барысында аутист оқушысын жалпы білім беру ортасына енгізудің шарттары мен ұйымдастыру формалары талқыланды.