Инклюзивті білім беруді іске асыру жағдайында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

2020 жылдың 07 шілде күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Инклюзивті білім беруді іске асыру жағдайында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және педагогикалық қызметті басқару» тақырыбында республиканың жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтері үшін онлайн семинар өткізілді.

         Іс-шараны ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Н.К.Тайтанова ұйымдастырды.

         Онлайн семинарда тыңдаушылар инклюзивті білім беруді жүзеге асыру жағдайында әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін қарастырды, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды мектептің әлеуметтік ортасына табысты енгізу үшін инклюзивті білім беру мәдениетін құру шарттарын зерттеді.

         Іс-шара қорытындысы бойынша тыңдаушылар оқушыларға қауіпсіз, кедергісіз білім беру ортасын құру қажеттілігіне назар аударды.