Қашықтықтан оқыту жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру

2020 жылдың 29 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ «Қашықтықтан оқыту жағдайында  психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарының сертификатталған тыңдаушыларына курстан кейінгі қолдау көрсету аясында вебинар өткізілді. Онлайн іс-шараға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтар қатысты.

Вебинарды «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. А.А.Маханбетова өткізді.

Вебинарды өткізу шеңберінде тыңдаушылар қашықтықтан оқыту ерекшеліктерімен және қашықтықтан білім беру технологияларын қолданумен, онлайн оқыту жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру әдістерімен танысты.

Іс-шара қатысушыларға жеке-бағдарлы тәсілді енгізу, оқытудың тиімді әдістерін қолдану және қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасау бойынша практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.