Инклюзивті білім беру жағдайында әдістемелік қызметті ұйымдастыру

2020 жылдың 25 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ біліктілікті арттыру курстары аясында «Инклюзивті білім беру жағдайында әдістемелік қызметті ұйымдастыру» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Ісшара ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы А.С.Ыбышеваның жетекшілігімен ұйымдастырылып өткізілді.

Бұл ісшараның мақсаты инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық қызметті басқару және әдістемелік жұмыстың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Ісшара аясында педагогтарға білім беру-тәрбие үдерісін сүйемелдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету, инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық қызметті басқару бойынша дағдыларды жетілдіру мәселелері қарастырылды.