Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша жобаларды қорғау

2020 жылдың 19 маусымы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарында тыңдаушыларды оқытуды аяқтау қорытындысы бойынша педагог-психологтардың жобалық жұмыстарын қорғау өткізілді.

         Қорғауға келесі бағыттар бойынша жобалар ұсынылды:

         1) қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша мектеп қызметінің жүйесі;

         2) кәмелетке толмағандардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін есепке алу негізінде суицидтік мінез-құлықтың алдын алу;

         3) зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша мектептің жұмыс жүйесі;

         4) педагог-психологтың оқушылардың отбасыларымен жұмыс жүйесі;

         5) Педагог-психологтың моделі.

         Жобаларды қорғау онлайн режимінде өтті, бұл тыңдаушыларға өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді:

         – алынған білімді сыни талдау және оларды ұзақ мерзімді жобалар түрінде ұсыну;

         – тікелей трансляциялауда онлайн жобаларды дыбыстандыру бойынша АКТ-технологияларын қолдану;

         – командалық жұмыс пен көшбасшылық қасиеттерді ұсыну.

         Жобалық жұмыстарды қорғау бойынша конструктивтік кері байланысты ББЖҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы К.К.Турдахунова өткізді.