Робототехника негіздері

2020 жылдың 15-26 маусым аралығында   «Робототехника негіздері» тақырыбында онлайн оқыту режимінде  Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының 28 мұғалімі информатика, физика, математика пәнінен біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатыр. Курс жетекшісі «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Жартынова Жанар Алибековна.

«Робототехника негіздері» курсында мұғалімдер LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу және бағдарламалауды LEGO MINDSTORMS EDUCATION EV3 орындап, Virtual Robotics Toolkit жүктеуді меңгеруде. Ал Arduino микроконтроллерін Tinkercad.com сайтында моделін құрастыру дағдыларын қалыптастыруда.