Педагогтердің, оқушылардың, ата-аналардың психологиялық мәдениет деңгейін арттыру

2020 жылдың 15 маусымы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Педагогтердің, оқушылардың, ата-аналардың психологиялық мәдениет деңгейін арттыру» тақырыбында республиканың жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтері үшін онлайн семинар өткізілді.

         Семинар «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. А.А.Маханбетованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Семинарда тыңдаушылар психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру, мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу, педагогтердің, оқушылардың, ата-аналардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында қоршаған ортамен қарым-қатынас негіздерін зерттеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша тыңдаушылар қазіргі әлемде балаларды тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағытталған тәсілге сүйене отырып, қалыптасқан жағдай бойынша өз пікірлерін білдірді. Тәрбие мен оқытудың заманауи әдістерін тиімді пайдалану бойынша сындарлы тәжірибе алмасу болды.