Мектепте оқыту стандарттарын іске асыру контекстінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуы

2020 жылдың 15 – 26 маусымы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ он-лайн оқыту режимінде «Мектепте оқыту стандарттарын іске асыру контекстінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуы» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.

Курсты ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» аға оқытушылары Иманбай В.О. және Сахова А.Т. республиканың жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектептердің мұғалімдері үшін өткізеді.

Курстың мақсаты: білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін арнайы жағдай ұйымдастыру мен құру бойынша тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Оқу сабақтарының мазмұны тыңдаушылардың сабақта психологиялық-педагогикалық қолдау технологияларын қолдану, инклюзивті білім беруді іске асыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту мен тәрбиелеу, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды қолдану бойынша дағдыларын қалыптастырады.