Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

2020 жылдың 12 маусымы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің технологиясы» тақырыбында республиканың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін онлайн семинар өткізілді.

Іс-шараны ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Қ.Рысқұлбекова ұйымдастырды.

Онлайн семинарға қатысушылар білімге тең қол жеткізу үшін қажетті талаптар мен шарттармен танысып, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауға қойылатын талаптарды анықтады.