Білім беру кеңістігіне ерекше қажеттіліктері бар балаларды қосу шарты ретінде кедергісіз орта құру

2020 жылдың 12 маусымда біліктілікті арттыру курстарын өткізу шеңберінде “Білім беру кеңістігіне ерекше қажеттіліктері бар балаларды қосу шарты ретінде кедергісіз орта құру” тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

Осы ісшара ББЖ ҚБАРИ “Педагогика және инклюзивті білім беру” кафедрасының аға оқытушы А.С.Ыбышеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Ісшара аясында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын әзірлеумен, түзету-дамыту, бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары мен оңалту бағдарламаларын әзірлеумен балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумда міндетті түрде тексеру жүргізу бойынша мәселелер қаралды.