ХХI ғасыр жағдайындағы педагогикалық білім модернизациясы: болашаққа бағдар

2020 жылдың 10 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «ХХI ғасыр жағдайындағы педагогикалық білім модернизациясы: болашаққа бағдар» тақырыбында онлайн режимде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысы келесі төрт бағыт бойынша жүргізілді:
1. Жаһандану жағдайындағы ұлттық білім беру жүйесі интеграциясының аспектілері мен мәселелері.
2. Заманауи білім беруді жаңартудағы икемді дағдыларды (Hard & Soft Skills) дамытудың өзектілігі.
3. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың мүмкіндіктері мен тиімді жолдары.
4. Білім беру ұйымдарында бәсекеге қабілетті маман даярлаудың қазіргі жағдайы мен болашағы.
Конференцияға Өзбекстан Республикасы, Низами атындағы университеттің қашықтықтан оқыту кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Садыкова Альбина Венеровна және де еліміздің басқа да беделді жоғары оқу орындарының, атап айтқанда, Әль-Фараби атындағы ҚҰУ-дың, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің, Баишев университетінің профессорлары мен оқытушылары қатысып, баяндама жасады.
 
Конференция барысында бүгінгі таңда білім беру үдерісінің барлық қатысушылары үшін маңызды болып табылатын қашықтықтан оқыту проблемасы аясында қызу пікірталас туындады, сонымен қатар баяндамашылар мен қатысушылар қашықтықтан оқыту барысында қандай қиындықтармен бетпе-бет кездескенін және қашықтықтан білім беруді жетілдіру үшін қандай жұмыстарды атқару қажеттілігі туралы да өз ойларымен бөлісті.